Қыздар кеңесінің тәрбиелік мәні зор

23.jpg 

Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.

Шымкенттегі Парасат колледжінде қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған тәрбиелік мәні мол қыздар кеңесі болып өтті. Оны салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы ұйымдастырды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Іс-шараға №3 қалалық емхананың психолог маманы Избасарова Алия, Шымкент қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасының Абай аудандық ӘЗЗҚ бөлімінің аға инспекторы полиция аға майоры Бектемисова Гульвира және №11 қалалық емхананың гинекологы Сейдулла Ардақ қатысты.

Іс-шараның мақсаты - қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік жан-жақты асыл қасиеттерін таныта білу. Ерте жүктіліктің алдын алу, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы тағылымды ақпарат беру. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу.

Қыздарды тәрбиелі, білімді, өнерлі боп өсуге, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтау болып табылады.

Басқосу соңы сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер