«Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет»

000.jpg 

Шымкенттегі Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет» тақырыбында Парасат колледжінің жастарымен кездесу өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.  

Кездесуге «Әділдік жолы» РҚБ Шымкент қаласы филиалының басшысы, заңгер Айжан Кесебаева қатысты.

Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Сондықтан жемқорлықпен күресу қоғамның міндеті, басты талабы.

Сол себепті де мұндай жағдайда ел азаматтарының қолдауы мен белсенділігі, ашықтығы мен оперативтілігі айрықша маңызға ие. Анығында, «Жемқорлыққа қарсымыз!» деген ортақ ұран көптің көкейінде көлкіп тұрғанмен, іске келгенде қоғам індетіне қарсы тұру жалқының жұмысы, ардың ісі болып саналады. Сондықтан қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністеріне куә болған азаматтың әлеуметтік індетке көз жұма қарамауы, белсенді әрекет ете білуі – еліміздің ертеңі үшін жасалған ерен ерлікпен және елеулі еңбекпен пара-пар.

Кездесу барысында спикер сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және оны жүзеге асыруға жол бермеу туралы біршама ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, 1424 Call-орталығының азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсететіндігін жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер