Шымкент: Теміржол вокзалы жаңа келбетке ие болады

29.jpg 

Шымкентте келген қонақтарды қарсы алатын теміржол вокзалы жаңа келбетке ие болады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкенттің  әкімі Ғабит Сыздықбеков теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Қазір вокзалдың жолаушы өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың адамды құраса, қайта құрудан кейін 6 мың адамға дейін артады.

Бүгінде сол қанаттың төменгі қабаты мен қасбетін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін нысан сейсмикалық тұрғыдан күшейтіліп, жылыту, электр қуаты, өрт қауіпсіздігі, байланыс және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Қазіргі таңда жоғары қабаттың дайындығы 70%-ға жеткен, әрлеу жұмыстары жалғасуда.

Жоба бойынша қасбетті монтаждау кезінде ұнтақ бояумен боялған және пеште кептірілетін мырышталған сапалы панельдер пайдаланылады. Құрылыс материалдары беріктігімен ерекшеленеді, ылғалға төзімді.

Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қаланың ерекшелігіне сай қайта құрылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Қала әкімі жауаптыларға нысанды мегаполис сәулетіне сай жабдықтап, мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.

Бұған дейін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысып қайтқан болатын.  Қазір онда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Келесі жылы толығымен пайдалануға берілетін нысан еліміздегі ең озық терминалдардың бірі болмақ.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер