Жастар «Stop bullying» тақырыбында пікір алмасты

30.jpg 

Бүгінгі таңда жастар арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі –«№5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» жастарының қатысуымен «Stop bullying» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы,полиция майоры- Ирисбеков Рахымжан Испандиярович қатысты

Бұндай іс-шаралардың мақсаты - жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және дұрыс психологиялық ахуал қалыптастыру.

Кездесу барысында жастарға алдымен «буллинг» жайлы толыққанды мағлұматтар айттылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ зорлық-зомбылық жайында бірқатар ақпараттар айтылып және бірнеше сергіту сәтінің ойындары ойнатылды.

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.

Соңғы жылдары жастар арасындағы буллинг тақырыбына мамандар көп мән беруде. Мектепте оқушылар арасындағы қысымның, кемсітушіліктің алдын алу үшін арнайы психолотгтар жұмыс істейді.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер