«Еңбегімен елге сыйлы»

36.jpg 

Шымкенттегі  А. С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Еңбек күніне» орай «Еңбегімен елге сыйлы» атты іс-шара өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты кітапхананың ұйытқы болуымен өткен іс-шара қоғамдағы еңбек адамдарының қызметін дәріптеу, жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, еңбек адамдарын құрметтеу, түрлі мамандық иелерін мадақтау мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш жиынға түрлі салада еңбек етіп жүрген кәсіби мамандар, кітапхана оқырмандары, мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар, оқушылар мен студенттер қатысты. Шара барысында көрермендер кітап көрмесі, фото көрме, дефиле шоуды тамашалап, түрлі мамандық иелерімен сұхбаттасты.

– «Бұл қадам қоғамда еңбек культін орнықтыруға жол ашады. Шын мәнінде, қандай жұмыс істеп жүргенің емес, оны қалай істеп жүргенің әлдеқайда маңызды. Министр немесе әкім болсын, құрылысшы, дәрігер, мұғалім болсын, ең бастысы, әркім өз міндетін адал атқаруы керек. Нанын адал еңбекпен табуы керек», – деп Президентіміз атап көрсеткендей әр мамандықтың, еңбектің алдындағы парызымыз, ол – адалдық. Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбей еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады. Ал кәсібін толық меңгерген адам қашанда сұранысқа ие болады. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән беруіміз керек,–деді мұғалім дефектолог Асылзат Төлегенова.

Жиын соңында қонақтарды WorldSkills стандартына сәйкес «Мейрамхана» сервисі, тамақтану индустриясымен арнайы пән оқытушысы Айнұр Сайлауқызы таныстырып, шеберлік сабағын көрсетті.

Айта кетейік 2013 жылы Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгіленген. Оны қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтеді. Биыл Еңбек күні мерекесінің он жылдығы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер