Шымкент: Үлгілі отбасылар марапатталды

43.jpg 

Отбасы — тәрбиенің қайнар көзі. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу — қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Шымкенттегі  Қаратау ауданы әкімдігі ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып жүрген отбасыларды арнайы құттықтады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Оның ішінде, “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының 2023 жылғы аудандық кезеңі жеңімпаздары мен соңғы үш жыл көлемінде аталған байқауға белсенді қатысқан үлгілі 11 отбасы марапатталды. Олардың қатарында ұлттық спорт жанашыры Ахметбаевтар отбасы, ережесіз жекпе-жектен, самбодан әлем чемпионы Оспановтар отбасы, бокстан әлем чемпионы Жақыповтар отбасы, театр актерлары Кемелбековтер отбасы, паралимпиаданың бірнеше дүркін чемпионы Ешимовтар отбасы, ауған соғысы ардагері Қуатбековтер отбасы, әскери саладағы үздіктер Нарымбаевтар отбасы, көп балалы Оразовтар отбасы, үлгілі ұстаздар Есентаевтар отбасы мен белгілі қаламгерлер Орынбаевтар отбасы қала және аудан әкімі атынан арнайы марапатталды.

Іс-шара барысында аудан әкімі Р.Мүлкеманов пен қалалық мәслихат депутаты А.Молдабек барша отбасыларды құттықтап, өз алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, аудан әкімі бұл іс-шара дәстүрге айналатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Қаратау ауданының үлгілі отбасылары “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының қалалық деңгейінің 3 жыл қатарынан тұрақты жеңімпаздары атанып келеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер