Ұстаздар династиясы

45.jpg 

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен өткен дәстүрлі «Еңбек жолы» дәстүрлі байқауында «Үздік әулет» номинациясы бойынша жүлделі үшінші орынды иемденген ұстаздар әулеті де осынау игі мамандықтың үдесінен шыққандар. «Еңбек адамы» айдарының кезекті кейіпкері ұстаздардың династиясы – Аманқұл әулеті.

Шымкент қаласы әкімдігі Ақпараттық-коммуникация орталығының хабарлауынша, бұл шаңырақта мұғалімдік қызмет ұрпақтан-ұрпаққа лайықты жалғасып келе жатыр. Үлкен отбасында білім саласында еңбек етіп жүрген жанның ең жасы – Назым. Аманқұл Назым Берікқызы – ұстаздық мамандықты таңдап, ата жолын қуып, бүгінде қаладағы №124 жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін абыроймен атқарып келеді.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді. Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару.
Шымкентте дәстүрлі «Еңбек жолы» конкурсы қоғамда еңбек адамы туралы жақсы пікір қалыптастыру, жастардың еңбекке құрметпен қарауын, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады. Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады. Жеңiмпаздар өңірлік және республикалық деңгейде iрiктеледі. Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды. Конкурсқа саласына қарамастан кәсiпорындардың барлық қызметкерлерi қатыса алады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер