Шынар-өндірістің үздік жас маманы

46.jpg 

«Жас келсе, іске». Бұл — Шынар Бекетованың бала күнінен бойына сіңіріп өскен даналығы. Іске келгенде тайсалмай, білек сыбана кірісетін жас маман биыл Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Еңбек жолы» дәстүрлі байқауында «Өндірістің үздік жас маманы» атанды. Еңбекке араласқанына небәрі 8 жыл ғана болса да, ол – өз ортасына сыйлы, білікті, ізденімпаз маман. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Шынар Қалдыбекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдап, еңбек жолын 2014 жылы бастаған. 2022 жылдың 11 ақпанынан «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистралды газ құбырлары басқармасында инженер қызметін атқарып келеді.

Өзіне тапсырылған жұмысқа жауапкершілік танытып, оны сапалы әрі мерзімінде орындауымен әріптестерінің арасында да ерекше сый-құрметке ие. Әріптестері оның білім-білігі, ізденімпаздығынан бөлек, ашық-жарқын, үлкенге – құрмет, кішіге – ізетпен сыйласуының өзі отбасындағы тәрбиесінен екенін айтып, мақтанады. «Ортасына сыйлы, ізденімпаз, әрі алға қойған мақсатына жеткенше тынбай ізденеді. Әрбір істі ыждаһаттылықпен, сапалы орындайды. Бұл тек Шынардың емес, ұжымның еңбегін нәтижелі ететіні сөзсіз», - дейді әріптестері.

Шынар – жаңалыққа жаны құмар жан. Оны студент кезіндегі ғылыми жобасынан-ақ байқауға болатындай. Мәселен, 2013 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында көзге түсіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. Ол конференцияда қоғамдағы электрондық құжат айналымын жақсарту және оңтайландыру бойынша өзінің жобалық жұмысын қорғаған.

— Әрбір істі сапалы орындаудан бөлек, өзіңнің білікті, кәсібіне адал маман екенің жұмысты оңтайлы, әрі тиімді орындағаныңнан да көрініп тұрады. Сондықтан мен жаңалықтан қорықпай, тапсырманы орындаудың тиімді, оңтайлы жолын қарастырамын. Технологияның қарыштап дамыған дәуірінде бар мүмкіндікті пайдалану қажет деп есептеймін, - дейді Шынар.

Жастайынан өзінің ұстаным, пікірімен ерекшеленетін Шынардың сәл жетістікке «болдым, толдым» деместен, жастық жігерінің барында тірліктен тайсалмайтыны, ізденуге деген құлшынысы қуантты. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистралды газ құбырлары басқармасындағы әріптестерін де осындай адами құндылықтары қызықтыратындай.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер