Ұлттық өнерді дәріптеген Бейісбековтер отбасы

47.jpg 

Шымкенттегі Болатбек Бейісбековтің отбасында сегіз адам шығармашылықпен айналысады. Олар: Болатбек Бектасұлы Бейісбеков, Күләш Айдарбекова, Берік Болатбекұлы Бейісбеков, Мәдина Нұрланқызы Ахметова, Венера Болатбекқызы Бейісбекова, Ақбота Болатбекқызы Бейісбекова, Арайлым Болатбекқызы Бейісбекова, Нұрай Берікқызы Бейісбек. Үлкен шығармашылық әулетте Қазақстан Суретшілер одағының жеті мүшесі, Қазақстан Қолөнершілер одағының бес мүшесі бар. Арғы ата-бабалары қолөнерімен айналысқан отбасының бүгінгі ұрпақтары ұлттық өнерімізді дәріптеуге сүбелі үлес қосып келеді.

Айта кетейік, ұлттық өнер арқылы адал еңбекпен ұрпақтарына үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өзара қамқорлық, мейірім мен жарасымдылық секілді отбасы құндылықтарын да бойына сіңірген Болатбек аға қазір отбасынан бөлек қаншама жастарға адал еңбекті насихаттап жүрген асыл жар, аяулы әке, қамқор ұстаз.

Жуырда елемізде  "Мерейлі отбасы – 2023" ұлттық байқауы өз мәресіне жетті.  Астана қаласында байқау жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Республика бойынша конкурсқа қатысуға 3 344 отбасы өтініш берген болса, солардың арасынан үздік атанған 20 отбасы елорда төрінде бас қосып, құрметке бөленді. Бұлардың әрқайсысы өз өңірлерінде байқау жеңімпазы атанған әулеттер. Ұлттық байқауда лауреат атанғандардың қатарында Шымкент қаласынан Бейісбековтер отбасы да бар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер