Басты ұстаным- ашықтық пен жариялық

52.jpg 

Шымкентте мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легінде "Business.enbek.kz" порталына жалпы саны 1780 азаматтан өтініш түскен. Осыған байланысты  үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

25 қыркүйектен 5 қазан аралығында өтеусіз қаражат алуға ниетті азаматтар өздерінің жаңа бизнес -жобаларын комиссия алдында қорғайтын болады. Қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам бірлестіктерінің өкілдерінен құралған комиссияның әрбір мүшесі үміткердің кәсіпті меңгеру деңгейіне, бизнес-жобалардың әлеуметтік әлеуеті мен қаржылай өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігі мен жаңа жұмыс орындарын құруына қарай бағалайды. Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Ашықтық пен жариялықты қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысы қалалық "Еңбек мобильділігі" орталығының инстаграм әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетілуде.

Жалпы, Шымкентте биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған 400 АЕК көлеміндегі грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің нәтижесінде 228 азамат грант иегері атанды. Бұл жолы 219 азаматқа грант беру жоспарланған. Қаражат шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға жұмсалады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер