Ұлдар әкелер институтын нығайту тақырыбында кеңесті

53.jpg 

«Авимед» көпсалалы колледжінің базасында ұлағатты ұл тәрбиелеу мақсатында «Тау тұлға ӘКЕ, ізбасар ҰЛ» тақырыбында ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында ұлдар кеңесі өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Маңызды басқосуда шекара басқармасының подполковнигі, уролог, психиатр-нарколог мамандары қатысып, отбасы институтын және әкелердің отбасылық тәрбие берудегі рөлін нығайту мәселесі талқыланды. Материалдық құндылық пен рухани құндылықтар туралы құнды пікірлер айтылды.

Жастар тағылымды шаралардан ой түйіп, айтары бар, қоғамда өзіндік орнын қалыптастырған азаматтардың тәлімін тыңдады.

«Авимед» көпсалалы колледжінің студенттері арасында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған «Қызым саған айтам» атты қыздар жиыны болды.

Онда қыздар арасындағы ерте жүктілік, денсаулық, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар берілді.

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры аясында жиынға іскер әйелдер ассоциациясының төраймы, гинеколог, психолог маманы қатысып, студент қыздардың мазалаған сұрақтарына жауап берді.

Қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз бала тәрбиелеуге бағытталған іс шарадан қатысушылар құнды тағылымды ақпараттар алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер