Шымкент: «Сапалы дене тәрбиесі» тақырыбы талқыланды

55.jpg 

Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын ілгерілету» тақырыбында консультативтік кездесу өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

 Бұл кездесу қатысушыларды сапалы дене тәрбиесі саласындағы саясат бойынша ЮНЕСКО әдіснамасымен таныстыру, «Сапалы дене тәрбиесі» ұлттық саясатын әзірлеу шеңберінде дене тәрбиесін нығайту жөніндегі іс-шараларды талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі, жобаның техникалық жұмыс тобының мүшелері, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО Алматыдағы Кластерлік Бюросының өкілі мен жиынға мүдделі топтар қатысты.

– Жоба шеңберінде жүргізілген талдамалық зерттеуде дене тәрбиесі саласындағы бірқатар мәселелерге, оның ішінде Казақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын (СДТ) әзірлеу кезінде назар аударарлық дүние көп. Атап айтқанда, дене тәрбиесі мұғалімдерінен тұжырымдамалық негіздерді жаңарту, дене шынықтыру мазмұнын жаңғырту қажеттілігі туындайды. Бұл, ең алдымен, теория мен практиканың сәйкес келмеуі, студенттік және мектептегі дене шынықтыру, спорт мәселелері бойынша іргелі және әлеуметтану зерттеулерінің жеткіліксіз жүргізілуінен болып отыр. Жобаның мақсаты – Қазақстанда СДТ саясатын ілгерілету болып табылады. Бұл жобаны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия қолдады. Осы жоба аясында бүгінгі кеңесте бірқатар мәселелер мен ұсыныстар жоспарға қойылып отыр. Бұл жүзеге асып қана қоймай, сапалы дене тәрбиесі, сау ұрпақтың қалыптасуына жол ашады деп ойлаймын, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Арысбекқызы.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан, Кырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросымен мәміле туралы Меморандум аясында Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі» жобасын іске асыруда. Жобалық қызмет, оның ішінде, СДТ саясатын іске асыруға қатысы бар мүдделі тараптардың барлық топтарының қатысуын және тартылуын қамтамасыз етуге бағытталған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер