Шымкенттің әкімі тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

56.jpg 

Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбековтың  халықпен кездесу, олардың талап-тілектерін тыңдау шаралары жалдғасып жатыр.

Әкім осы аптада  Абай ауданы тұрғындарымен есептік кездесуден кейін көтерілген мәселелер бойынша «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы барды. Қала тұрғыны М. Төлегенова жыл сайын халық саны артып жатқан елдімекендегі мектеп тапшылығы мәселесін жеткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде № 95 жалпы орта мектепте 535 оқушы білім алуда. Оқу ордасының ғимараты ескі болғандықтан, орнына жаңа мектеп салу жоспарланған. Қала әкімі аталған нысанды аралап, халықтың ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар бұл білім ошағының іргетасы мен қабырғасы сапалы екенін алға тартып, күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін айтты.

Халықтың талабын ескерген қала әкімі Білім басқармасының басшысына мектепке қатысты тиісті сараптамалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, осы бағытта арнайы комиссия құруды тапсырды. Дегенмен оқушы саны артып отырған тұрғын алапқа қосымша жаңа мектеп қажет. Бұл ретте жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Самал-3 шағынауданы тұрғындары Шұбаркөл, Ізенді, Юсупов көшелерін асфальттау бойынша мәселелер көтерді. Халық жауын-шашын кезінде болатын су басу қаупіне де жауаптылардың назарын аударды.

Мегаполис әкімі тиісті басқарма басшыларына өзекті мәселенің барлығын назарға алып, шұғыл тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер