Шымкентте қоғамдағы әйел рөліне қатысты форум өтті

57.jpg 

 Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, қоғамның түрлі саласындағы әйелдер рөлі» – атты аудандық форум өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

 Форумға Қаратау ауданына қарасты білім, денсаулық, мәдениет және спорт мекемелерінің басшылары, қоғам белсенділері қатысты. Аталмыш форум аудан аумағындағы іскер әйелдердің қатысуымен дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Форум спикерлері «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты Жанар Бектаева, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызы, қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова, Шымкент қаласы бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Жанетта Жазықбаева баяндама оқып, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбындағы әйелдер мен балалардың жағдайы кеңінен талқыланды.

–Қазіргі уақытта заңға біршама өзгерістер енгізіліп, әйел мен балаларды қорғай алатын дәрежеде деп ойлаймын. Әйелдермен жұмыс істеу барысында өзім де талай оқиғаға куә болып жүрмін. Киімсіз, құжатсыз баласын құшақтап үйлерінен қашып кететін әйелдер бар. Қазіргі заңға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы орын алған жағдайда ер адамды яғни агрессорды шығарып, әйел балаларымен үйде қалуға құқылы. Қиын жағдайға түскен әйелдерге дағдарыс орталықтары бар. Бірақ мұндай мәселенің салдарымен емес себебімен күресуіміз маңызды. Сондықтан әр аумақтың әкімдігінде отбасы және жастар басқармасы ашылуы керек деп ойлаймын. Тұрғындармен тығыз қарым-қатынастың негізінде мәселе өршімей тұрып, алдын алуға болады. Бүгін форумда осындай ұсынысымызды да жеткізіп отырмыз, – деді қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова.

Аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов форум спикерлері мен қатысушылар тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстар аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізді. Форумның соңы аудандық білім беру мекемелерінің тәрбие саласындағы жауапты басшыларына арналған тренингпен жалғасып, қатысушыларға сертификат табысталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер