«Көзқараста» есірткі мен лудомания мәселесі талқыланды

козкарас.png 

         Шымкенттегі  «Ontustik» телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасында қоғамдағы ескірткі мен лудоманияға тәуелділік жөнінде тікелей көрсетілім болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Бағдарламаға Шымкент қаласы прокураторасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмысты қудалау басқарамасы бастығының орынбасары – Адай Куатымов, Шымкент қаласының Полиция департаменті ескірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков, Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов және Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Жұлдызбек Сабиров қатысты.

Спикерлер қоғамда өршіп бара жатқан зиянды әрекеттерге тәуелділіктің басты себептеріне тоқталып, онымен күресу жөнінде атқарылып жатқан жұмыс жоспарларымен бөлісті. Тіпті есірткі жарнамасы мен оның таралуына ықпал жасаған адамдардың да заң жүзінде жауапқа тартылатындығы айтылды.

Сонымен қатар, спикерлер зиянды заттармен күресуге жұдырықтай жұмылып, қоғам болып бірге күресуге шақырды.

Айта кетері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Өскелең ұрпақтың денсаулығына әлеуметтік кеселдер залалын тигізеді. Шылым шегуге, ішімдікке және есірткіге тәуелді болу кеңінен таралған жағымсыз әдеттер. Бұған қоса, соңғы кезде жастар арасында лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік белең алуда. Бұл кеселден құмарпаздардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туыстары мен жақындары зардап шегеді. Жасөпірімдеріміз заманауи технологиялардың ықпалымен құмар ойындарына оңай шырмалатын болды», - деген болатын.

Луодмания проблемасы жуырда Қауіпсіздік кеңесінде де қаралып, Мемлекет басшысы осыған қатысты тиісті тапсырмалар берді.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер