«Діни экстремиз - әлемге төнген қауіп»

000.jpg 

Шымкенттегі Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Діни экстремиз - әлемге төнген қауіп» тақырыбында №49 жалпы орта мектебінің жастарымен кездесу өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Кездесуге Шымкент қаласы дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Серік Беккулов пен Тұран ауданының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Ержан Мусабеков қатысты.

Дін өкілі деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты түрлі ақпараттардың ақ-қарасын ажыратпас бұрын өзге адамдармен бөлісуге немесе жарияламауға шақырды.

-Мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу мен білім беру қоғамның басты талабы. Сіздерге әліде түрлі бағыттар бойынша ақпараттық сауаттылық қажет. Себебі, қылмыстың көбі құқықтық сауаттылықтың аз болғандығынан орын алып жатады. Бұндай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін сіздермен тұрақты түрде кездесіп, кері байланыс орнатқымыз келеміз. Естеріңізде болсын, «қылмыстың өтеуі қашанда жаза болмақ», - деді полиция инспекторы Ержан Мусабеков.

Кездесу соңында тақырып аясында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, жастар тарапынан келген сауалнамаларға жауап берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер