Жатақхана мәселесі шешімін таппақ

maxresdefault.jpg

Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде: «Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек. 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын. Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешеді»,- деп атап өткен болатын. Президенттің тапсырмасына орай Шымкентте жатақхана салу жұмысы басталып кетті. Нақтырақ айтқанда Шымкент саз және Шымкент көлік коммуникациясы және технологиялар колледждерінің студенттері жаңа жатынорынмен қамтамасыз етілетін болады.  Бұл жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге аспақ. Айта кетейік,  Шымкент қаласында бүгінде  99 мыңнан астам студент білім алады екен. Оның 30 мыңнан астамына  жатақхана жетпейді. Әзірге Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы бірқатар оқу орнының жатақханаларына бюджеттен 85 065,52 мың теңге бөлінген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте көп балалы аналарға алтын және күміс алқалар табысталды
  • Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасалды
  • Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министірімен телефон арқылы сөйлесті
  • Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
  • Президент Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер