Көпқабатты тұрғын үйлер көбейеді

1497228617_article_b_1500_.jpg

Миллион тұрғыны бар Шымкент қаласында болашақта көп қабатты үйлер көптеп салынатын болады. Себебі статусына сай мегаполисте жер үйлерге қарағанда көр қабатты үйлер басым болуы қажет. Қазіргі таңда шаһардың 60 пайызын жер үйлер құрайды. ҚР Сәулетшілер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Асқар Мамырбаев қалада көлік кептелісін шешудің бір жолы 20 мың немесе 30 мың адамдық ықшамаудандар салынатын болса, соның ішінде адамдардың демалуын, жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалу керек. Сонда қаладағы кептелістің болмауының басты кепілі сол дейді. 40 жылдық тәжірибесі бар сәулетші: «Сырттан келетін әуе, теміржол көліктері үшін екінші әуежай мен теміржол вокзалы салынбаса, жолаушылар нөпірін ретке келтіре алмаймыз. Ал,  автокөліктер қалаға оңай кіріп шығуы үшін айналма жолдар салып, қала ішіндегі жолдарды кеңейткен жөн. Міне, сонда ғана мегаполис халқы ыңғайлы жағдайда өркениет игіліктерінің рахатын сезінетін болады»,- дейді.  



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте көп балалы аналарға алтын және күміс алқалар табысталды
  • Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасалды
  • Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министірімен телефон арқылы сөйлесті
  • Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
  • Президент Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер