Сайрам тарихи деректерде қалай аталады?

46170046_2026950354019893_6253358055241547776_n.jpg 

Бүгінде Шымкент қаласына қарайтын көне Сайрам қаласының атаулары сан рет өзгерген.

Тарихта бірінші рет Сарем, Сайрим деген аттары кездеседі: Иран-Тәжік тілінде «Сар» - бас. (ем-кент) мағынасын білдіреді. Сайрам сөзі арабша жазылғанда екі белгіден құралады. Ол – Сайрим, Сарем, Сайрам деп оқыла берілген. Кейбір кісілер Сарем-Сани айем екінші өмір-Нұх пайғамбардың – топан суынан кейінгі (тарих деп түсіндіреді).

    Арабтар VIII ғасырда Сайрамды басып алғаннан кейін қала-Исфиджаб, (ирандар Аспижаб) деп аталады. Ұлы Жібек жолындағы Оңтүстік, оның ішінде Сайрам өркендеп кетеді. Сондықтан ІХ ғасыр аяғында бұл қала Мадинат ул-Байза деп аталған. Бұл арабша сөз болып, «Ақ қала» дегені.

    ХІ ғасырдағы ғалым бабамыз Махмұд Қашғары былай жазды. «Сайрам-Ақ қаланың аты, оны Сайрам деп те атайды».

    Қытай жазбаларында Сайрамды «Сайлан, нучиген» деген атпен кездестіресіз. Қытай саяхатшылары Сюан Цзан (629-630ж), Чань Чун (1221-23ж) тағы басқалар сондай деп жазған.

   1219 жыл Сайрамды басып алған Шыңғысхан Моңғол-татарлары елді Орункент деп атайды. Сайрам, оның аттары туралы Махмұд Қашғари, Ибн-Асир, Яқут Хамавий, Табари тағы басқалар жазған, хабарлаған.

Х ғасырдағы жазба нұсқалардың мәліметтеріне қарағанда ескі қаланың біріне-бірі қарама қарсы орналасқан, әрі даңғыл көшелермен байланысқан төрт қақпасы болған. Х ғасырдағы атаулары: Нуджукет қақпасы, Фархан қақпасы, Шұқран қақпасы, Бұқара қақпасы. ХХ ғасырдың басында Сайрамның солтүстік қақпасы Белқақпа немесе Белдарбаза деп аталған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер