Сайрам атауы алғаш рет «Авестада» кездеседі

220782-image.jpg 

  Сайрам туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне тұрік тілінде "Сайрам" Тастақ сай деген ұғым береді. Ал Исфиджаб "Екі дария аралығы" деген   сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады. Діни аңыздарда бұдан баска да деректер бар. "Қазығұрттың басында кеме қалған" дейді. Ол Нұх пайғамбардың кемесі. Барлық жан-жануарлар кемеге кейінгі ұрпақ тарату ұшін жұп-жұп болып тиелген еді. Кеме тау басына тоқтап, дұниені басқан топан су қайта бастады. Сол кезде бірінші болып Сайрам өңірі топан судан ашылып, кемеде тірі қалған жан-жануарлар осы жерге қоныс теуіп, аңыздың айтуынша, адамзаттың екінші өмірін бастаған.   Діни аңызда тағы бір айтылатыны, Сай-рамнан 7 шақырым жерде Нұх пайғамбардың ұш ұлының бірінің қырык, метрлік қабірі бар екен. Оған қоса Мәриям ананың қабірі де бар. Біреулер онда Иса пайғамбардың ана-сының сұйегі жатыр деседі. Шамасы, ол ерте замандары христиандар салып, құлшылық қылатын жай болса керек. Сайрамдағы Қожа Салық пен Бибі Ғияз қабірлерін жұрт Қыдыр атаның ата-анасының мұрдесі деп қасиет тұтады. Айтпақшы, Отырарға баратын жер асты жолы осы арадан бастадатынға ұқсайды.

  Жібек Жолының үстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқа ру жұйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты бағыттарға жұмсауға, әкономиканы жұйелі дамытуға, оған бай адамдарды тартуға мұмкіндік берді. Жергілікті сақ тайпаларының саяси кеңістігі, рыногы, тауар алмасу шарттары, кәсіптері, мәдениеті, дұниетаны-мы, тілі, діні, әдет-ғұрыптары ортақ болған. Олар бір-бірімен тығыз байланыста кұн кешкен, ұздіксіз алыс-беріс жасап тұрған, ішкі-сыртқы мәселелерді ортақтасып шешкен. Кейінгі кездері табылған деректерді негізге ала отырып, қазіргі тарихшылар Сайрам жерін осы ұланғайыр кеңістікті мекендеген тайпалардың еркін араласу аймағы, яғни әко-номикалық орталығы болды деген болжамдар айтуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер