Қазақ жеріне ислам діні Сайрам арқылы тараған

e93f95fdd23ee96bdedc99058b5e5987.jpeg 

VII ғасырда Орта Азияға арабтар келген кезде Сайрам қаласы  гүлденіп тұрған еді. 714 жылы араб әскерінің қолбасшысы Кутейба Шаш (қазіргі Ташкент) қаласын алғаннан кейін Испиджабқа үлкен жорық жасады. Бірақ бұл төңіректегі елдің күшті қарсылығы арқасында көп ұзамай кейін шегінді. Испиджабты өз резиденциясына айналдырмақшы болған араб қолбасшысының жоспары жүзеге аспады. IX ғасырдың басында Испиджаб қарлұқ мемлекетінің құрамына енді. 840 жылы қарлұқ көсемі және Испиджаб басшысы Білге Құл Қадырхан қаған атағын алды.Бірақ сол жылы Испиджаб Орта Азиядағы саманилер шабуылына ұшырады.Саманилермен болған шайқаста Білге Құл Қадырхан қаза табады. Мұнан кейін мемлекет билігіне оның екі ұлы таласты. Үлкен ұлы Базар Арсыланхан Баласағұн (Шу өзенінің бойындағы қала) аймағын билейді,ал екінші ұлы Оғұлшақ Қадырхан Тараз (бұрынғы Талас қаласы) аймағын билейді. Тараз қаласын 993-жылы саманилер басып алғанда, Оғұлшақ Қашқарияға қашуға мәжбүр болады. 840 жылы саманлердің Самарқандағы билеушісі Нұх ибн Асад Испиджабты жаулап алады. Бұл аймақты жер өңдеу мәдениеті сол заманда аса күшті дамыған болатын. Самани билеушісі Испиджабты және оның аймағындағы егістік(жүзім мен астық) жерлерді сыртқы шапқынылықтардан қорғау үшін көптеген қорғандар соқтырды. Алайда Испиджаб Самани мемлекетіне түгелдей бағынышты болған жоқ. Қала және оның аймағын жергілікті түркі тайпалары биледі. Испиджаб аймағы өте үлкен болды. Оның шекарасы солтүстік-батыста Сауранға дейін, ал шығыста Талас аймағына дейін созылды. Испиджаб аймағы саманилер арқылы мұсылман діні тарады да,енді ол оңтүстіктегі ірі сауда және мәдениет орталығы ғана емес, сонымен қатар үлкен діни орталыққа айнала бастады. Х ғасырдың ақырында, яғни 990 жылы Испиджаб Қарахан мемлекетінің қарамағына енді. Қарахан әскері саманилерді Испиджаб аймағынан түгелдей ығыстырды.

Испиджаб аса ірі әкімшілік орталық қана емес, сонымен бірге өтпелі сауда орталығы ретінде де мәлім. Қалада сауда құрылыстары – керуен сарайлар мен «тимдер» көп болды. Керуен сарайлар (рабаттар) Нахшеб, Бұхара, Самарқанд көпестерінің иелігінде еді. Халықаралық сауда Орта Азия мен Шығ ыс шығарған және Испиджабтың өзінде XI-XII ғасырларда шекілген жергілікті теңгелермен жүргізілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер