Сайрамның бастапқы аты -Исфиджаб жазба деректерде VII ғасырдан бастап кездеседі, X-XI ғасырлардан бастап қала Сайрам атала бастады. XVI ғасырда Сайрам қазақ елінің сауда және мәдени дамуының ірі орталықтарының бірі болған.
Ежелгі Сайрам жерінде орта ғасырларда салынған, Араб тарихшыларының мәліметіне қарағанда VIII-ХІ ғасырларда басқа қалаларда болмаған жер асты жолы болғандығы туралы араб ғалымы Яқут Хамавий жазған. Қазақстанның оңтүстік өңірінде бірінші рет Сайрам өңірі ислам дінін қабылдады. Үш мың жыл бұрын «Авеста» киелі кітабында Иран, Туран, Хорезм мемлекеттері қатарында Сайрам жерін, соның ішінде Сайрам қаласын мадақтап жазғандығы туралы ерекшелігі.
Испиджабты араб қолбасшысы Нух ибн-Асад 840 жылы басып алып, оның халқын мұсылман дініне кіргізеді. Қалада осы кезден бастап оның бұрынғы сауда-саттық ісімен қатар дінді уағыздау, мешіттер, медреселер салу жұмыстары қызу жүреді.
Тіпті осы атырапта кезінде базары мен мешіті көп болған да Испиджаб-Сайрам қаласы. Қазір ескі қаланың орнында қираған құрылыстардың қыруар қалдықтары жатыр. Бұл қала жөнінде араб тарихшылары арасында: «Испиджабқа жұма қонған кірекеш басына сәлде орап шығады» деген мақал да болған. Соған қарағанда қаланың тағы бір ерекшелігі дінді уағыздау орталығы болғанға ұқсайды. Мұндай пікірге өзек боларлық бір нәрсе Әбунасыр Фарабиге байланысты әңгіме. Бұған қарағанда, Бағдаттан қайтып оралған Әбунасыр Испиджабқа келеді. Медресе ашпақ болып, шәкірттер жия бастайды. Мұны сезіп қалған қала датқасы жас ғалымды дереу тұтқындауға жарлық береді. Әбунасыр қаладан кетуге мәжбүр болады. Ол дереу жерасты жолымен Ясыға өтті. Осы аз әңгімеден аңғаратынымыз, қаланың VIII-IX ғасырда қатал дін орталығы болып тұрғандығы еді. Қалада бертін келе IX ғасырдың аяғынан бастап, медреселер салына бастағанын байқаймыз.
Испиджаб қаласының ертедегі өміріне тән тағы бір ерекшелік – алтын, күміс өндіру, металл балқыту орталығы болғандығында. Кен балқыту өндірісі қала тарихының ең бір маңызды тарауына жатады. Қала маңындағы кен байлықтары оның даңқын талай жерге жайды.