Ұл бала – шаңырақ иесі

11.jpg 

Шымкенттегі М.Өтебаев атындағы жаңа технологиялар колледжінде ұлдар кеңесі өтіп, ұлдар арасында тәрбие, ерлерге тән мінез туралы еркін басқосу болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.

Ұлдар арасында өткен жиын да осы мәселелер айтылып, қазіргі таңдағы ер балалардың бейнесін талдау мақсатында жастар арасында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

Іс шарада шекара басқармасының, уролог, психиатр-нарколог мамандары, қатысып, отбасы институты мәселесі талқыланды. Ұлдарымыз болашақ әке болатындықтан оларға зиянды әдеттерге жоламау, бойларына қазақ жігіттеріне тән тек жақсы қасиеттерді сіңіруді айтып өтті.

Жігіт келбеті қандай болуы керек? деген сауалға ұлдар өз пікірлерін ортаға салды. Сондай ақ ұл балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөлулеріне, ішімдік пен темекінің зияндығы жөнінде мәліметтер берілді, құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын ұсынды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер