Сыздықбеков қариялардың талап-тілегін тыңдады

 14.jpg 

Шымкенттегі Орталық саябаққа жиналып, шахмат ойнайтын қариялардың мәселесі алдағы уақытта шешімін табады.

Шахмат ойынын тұрақты ойнайтын 58 және 85 жас аралығындағы қариялардан құралған «Ақ тұлпар» клубының өкілдері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтен ғимарат мәселесін шешіп беруді сұрады. Бұл туралы  Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Спортты серік еткен ардагерлер бұл өтініштерін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде жеткізді. Қала басшысы қариялармен «Орталық саябақта» жүздесіп, талап-тілектерін назарға алды.

Клуб ғимараты М.Х.Дулати атындағы 8-мектептің күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуіне байланысты бұзылған болатын. Қазір клуб мүшелері «Орталық саябақта» орналасқан «Оқушылар сарайына» жиналуда.

Қала әкімі шахматшы ардагерлердің ұсыныстарын заң шеңберінде қарастырып, жауаптыларға ғимарат мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Айта кетері, қалада бүгінде 87 мыңнан астам қария тұрады. Олардың 3 соғыс, 2 мыңнан астамы – тыл ардагері. Бүгінде мегаполистің егде тұрғындарына мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетілуде. Бір жылда 50 мыңнан астам қария 10 күндік санаторлық – курортты емдеу шараларымен қамтылады. Сондай-ақ ардагерлер “Дәнекер” жобасы аясында қоғамды ізгілендіруге де үлес қосуда.

Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қариялар еліміздің көрікті орындарына саяхаттайды. Екі жарым мыңнан астам ардагерге мерзімді басылымдар тегін жеткізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер