Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі қашанда биік

31.jpg

Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығының ғимаратында қалалық білім басқармасының «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бөлімінің ұйымдастыруымен гуманитарлық пән мұғалімдері арасында «Тілім менің - мақтанышым!» тақырыбында фестиваль өтті. Бұл туралы Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Жиынның мақсаты - мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау, тіл-татулықтың, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру және тілдер мерекесін қорытындылау.

Фестивальға еңбек ардагерлері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушылар қатысты.

- Қай кезеңнің тарих беттерін ақтарсақ та, білім нәрімен сусындаған ұстаздарға деген құрмет ерекше екенін байқаймыз. Елімізде мемлекеттік тілдің кең қанат жаюына ұстаздардың үлесі жоғары екені баршамызға мәлім. Сіздерді Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойы мен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтаймын. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі қашанда биік болсын, - деді Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманбек Орынбеков.

Іс-шара барысында басқарма, орталық басшылары тарапынан қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналуы мен мемлекеттік тілді насихаттау, құрметтеу және дамыту, этносаралық келісімді нығайту аясында құнды пікірлер ұсынылды. Сондай-ақ, фестиваль соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер