Шымкенттегі оқу орындарында Қыздар кеңесі ұйымдастырылуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.
Іс-шарада қыздар арасындағы жат қылықтардың алдын алу, ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы тағылымды ақпарат берілді. Қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі. Ана мен қыздың қарым-қатынасы. Қыздарды тәрбиелі, білімді, өнерлі боп өсуге, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулу мақсатындағы іс-шараларды Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры аясында Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы ұйымдастырды.
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студент қыздары арасында өткен іс шараға іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы мен өкілдері, Шымкент қалалық полиция департаменті, гинеколог, психолог қатысты.
Іс-шара соңында психолог топпен психотерапия жүргізіп, Қыздардың мазалап жүрген сұрақтарына мамандар тұжырымды жауап берді.
Сонымен бірге Шымкент жоғары педагогикалық колледжі студенттеріне жастар арасында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған «Иманды ҚЫЗ-аяулы АНА» атты іс-шара өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы бірігіп ұйымдастырған жиында қыздар арасындағы ерте жүктілік, денсаулық, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар берілді.
Жиынға Шымкент қалалық полиция департаменті аға лейтенанты Төребай Аселя Ермаханқызы, №3 қалалық емхананың психолог маманы Избасарова Алия Ансагандыковна; №11 қалалық емхананың гинекологы Сейдулла Ардақ Маратқызы қатысып, студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ақпарат беріліп, оларды ересек өмірде дұрыс жолға бағыттау біздің мақсатымыз дейді мамандар. Қыздар арасында жат қылықтардың алдын алу, тәрбиелі, білімді болып, гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету бойынша, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге бағытталған іс-шарадан қатысушылар құнды тағылымды ақпараттар алды.