Шымкенттің әкімі Қоғамдық кеңес отырысына қатысты

33.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қоғамдық кеңес отырысына қатысып, мегаполисті дамытуда өзекті мәселелер аясында пікір алмасты. Жиында жергілікті халықтың тұрмысын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау тұрғысында бірқатар ұсыныс талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, есептік кезеңде қоғамдық кеңестің отырыстарында 52 мәселе қаралып, 22 хаттама түзілді, мемлекеттік мекемелерге 212 хаттамалық ұсыным жолданды. Осыған дейін 91 нормативтік құқықтық акт жобалары қаралып, қорытынды берілді. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Қоғамдық кеңестің жұмыстарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс жолданды.

«Халықтың мұң-мұқтажы, өзекті мәселерімен етене танысып, оңтайлы шешім қарастыруда сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеу өте маңызды. Себебі әрқайсысыңыз өз салаңызда халықтың көкейіндегі сұрақтарға қанықсыздар. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында шешімдер қабылдауда өздеріңізбен пікір алмасып отырамыз», — деді қала әкімі.

Айта кетері,  Қоғамдық кеңестердің мақсаты-азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру. Кеңестің міндеттеріне азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру; орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;  қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету кіреді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер