Жылу маусымына дайындық басталды

1531912596.jpeg

Еліміздің үшінші мегаполисі қыстың қамына әзірден кірісіп кетті. Қара суық маусымында жұрттың дүрсең қағып отырмауы үшін жауапты мамандар тиісті жұмыстарды атқаруда.  Қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбектің мәліметінше шаһарда көп қабатты 339 үй жылу маусымына дайын екен. Бұл көрсеткіш қала аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы санының 18 пайызын құрайды (1848). Бюджеттік ұйымдарға тоқталатын болсақ, 364 нысанның 146-сы, яғни, қырық пайызы жылумен қамтамасыз етуге дайын. Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық деңгейде жүріп жатыр. Өткен жылу маусымынан кейін негізгі және ішкі орамдық жылу жүйелерін сығымдау жұмыстары жүргізілді. Жылумен қамту желілерінде 163 ақау анықталып, бүгінгі күнге дейін оның 49-ы қалпына келтірілді»,- дейді қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов. Айта кетейік, бұл жұмыстарды «Қуат жылу орталық - 3» мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Коммуналды шаруашылық саласының мамандары жұмыстың жоспарлы уақытта аяқталатынын және қала тұрғындары жылу тапшылығын сезінбейтінін айтады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер