Экологиялық ахуал жақсарып келеді

wHH1xI6A2U3GGnSlmLsQB12cLNkl1L.jpg   

Шымкентте 2015 жылдан бастап   «Төменкөміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаға сәйкес қала атмосферасын тазарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Соңғы уақытта Шымкентте ауаның ластану көрсеткіші төмендеген. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда қаладағы атмосфераға тарайтын улы заттар мөлшері азайыпты  дейді ауаға мониторинг жасайтын мамандар. Шымкентте қазіргі таңда атмосфераның құрамын зерттеп, мониторинг жасайтын алты станция жұмыс істеп тұр. Оның төртеуінен сынаманы мамандар өздері алса, екі бекеттің жұмысы автоматтандырылған. «Біздің мамандар төрт бекеттен күніне үш рет арнайы құрылғымен ауа температурасын, қысымын, құрамын өлшеп, нәтижесін стансаға алып келеді. Мұнда әкелінген соң сынамаға зертханада химиялық талдау жасалады. Егер ауа құрамында өзгерістер байқалса, тез арада эколог-мамандарды хабардар етеміз», – дейді зертхана меңгерушісі Гүлнар Мәуленова.  Меңгерушінің айтуынша, алып қаланың экологиялық ахуалын қалыпты жағдайда ұстау қатаң бақылауға алынады. Осы мақсатта қазіргі таңда қаланың тағы үш нүктесінен ауа құрамына сынама жүргізетін автоматты бекет салу жұмыстары басталып кеткен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Послание–2024: рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ
  • Өмірін бала күлкісімен өрнектеген күтуші
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер