Білім, денсаулық саласы цифрланып келеді

smart.astana.kz_.png

Шымкент қаласы «Ақылды қала» жобасына енуіне байланысты «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы сәтті орындалып келеді. Мәселен қаладағы білім беру саласын цифрландырудың тағы бір жобасы – мұғалімдерді автоматты түрде қабылдау жүйесі. Үміткерлер веб-сайтқа онлайн-өтініш беріп қана қоймай, ашық конкурстан өту мүмкіндігіне ие болды. Соның нәтижесінде арыз-шағымдар 90%-ға азайды, педагогикалық құрамның сапасы жақсарды, сыбайластық тәуекелдер жойылды. Мысалы, бүгінгі таңға дейін 2 409 өтініш қабылданып, 1063 онлайн-конкурс өткізілді, соның қорытындысы бойынша 780 маман жұмысқа қабылданды. Қазіргі таңда бұл жүйені техникалық персоналды да жұмысқа қабылдау бойынша да дамыту жұмысы атқарылуда. «Денсаулық сақтау саласын цифрландыруда халыққа ең қажет үш қызмет – дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу және медициналық ұйымға жазылу қызметтері автоматтандырылған, - дейді қала әкімі Ғабидолла әбдірахымов .  Айта кетейік, бұл жұмыстар биылғы бірінші сәуірден басталған. Соның нәтижесінде дәрігерлер мен науқастардың уақыты 50%-ға дейін үнемделіп, дәрігердің қарауы мен скрининг негізінде ауруларды анықтау үлесі 30%-ға көбейеді деп күтілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер