«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол»

4.jpg

Қарттар күні – халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14–інші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр жалғасын тауып келеді. Ардагерлерімізді ардақтап, олар­ды қашанда, қамқорлық аясынан тыс қалдырмау кейінгі толқынның парызы.

Шымкент қаласы Абай аудынында осы атаулы мерекеге орай ардагерлерге құрмет көрсетілді. Аудан әкімдігі ақсақалдар мен көпбалалы батыр аналарға дастархан жайып, ізгі тілектерін жеткізді. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады. 

–Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Себебі тіршіліктің тынысы мен ажары, барлық ізгіліктің бастауы өздеріңіз. Бүгінде қаламызда 87 мыңнан астам зейнеткер болса, оның 23 мыңнан астамы, яғни 26 пайызы ауданымыздың қадірменді тұрғыны. Қарттарымызға мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық пен көмектің сапалы болуы Мемлекет басшысының басты назарында. Осы саясаттың аясында, қаламызда зейнеткерлерді сауықтыруға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары қызмет көрсетіп келеді, - деді салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Бұхарбай Парманов.

Айта кетсек, жуырда қалалық ардагерлер кеңесі «Ең үздік аудандық ардагерлер ұйымы» байқауын ұйымдастырған болатын. Осы сайыста Абай ауданы ардагерлер ұйымы шаһарда ең үздік деп танылыпты.

Салтанатты жиында патриоттық өлеңдер, ана, әке және отбасыға арналған әндер орындалып, жиылған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер