Сапаны партия қадағалайды

5.jpg 

 "AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы аймақты дамыту өңірлік кеңесінің көшпелі отырысында қалалық филиал атқарушы хатшысы Ж.Бектаева фракция және кеңес мүшелері, сондай-ақ, құрылыс басқармасының басшысы М.Баимбетовпен бірге салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді.

2023 жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан жалпы 98 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Олар, Тұран – 2 шағын ауданында 18 тұрғын үй (1112 пәтер, 83,9 мың ш.м.), Бозарық шағын ауданында 54 тұрғын үй (2198 пәтер, 170,2 мың ш.м.) және Ақжайық шағын ауданында 26 тұрғын үй (780 пәтер, 58,2 мың ш.м.). Ағымдағы жылдың қорытындысымен 36 көпқабатты тұрғын үйді, яғни, 131,7 мың ш.м. құрайтын 1752 пәтерді пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Көшпелі отырыста кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылып, кез келген құрылыста сапаның жоғары деңгейде болуы ескертілді. Құрылыс алаңдарындағы мамандардың кәсіби біліктілігінің жоқтығы, құрылыс сапасына тікелей әсер ететіндігі де айтылды. Осы және өзге де тақырыптар төңірегінде біраз сын-пікір ортаға салынып, шешілу жолдары бойынша ұсыныс-тілектер назарға алынды.

Айта кетейік, зерделеу жұмыстарына кеңес төрағасы Л.Сулайманов, фракция жетекшісі Қ.Имашев, мәслихат депутаттары Т.Балтабаев, Т.Исхақов, А.Наимбекова, Н.Балабиев, кеңес мүшелері және құрылыс басқармасының өкілдері мен мердігер компанияның басшылық құрамы қатысты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер