Шымкентте «Ауыл» Халықтық – Демократиялық Патриоттық партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының жиыны өтті. Жиынды филиал төрағасы, қала мәслихатының депутаты Қ.Досалиев ашып Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың ел халқына жасаған Жолдауына тоқталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.
Жиынға Саяси кеңес мүшелері мен жастар қанаты, аудан төрағалары, Партия ардагерлері мен Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты.
Жолдауда Президенттің осыған дейінгі жүргізіп келе жатқан саяси бағытының жалғасы екендігі сөз болып, атқарылған қайта құрулар барысында мемлекетімізде іргелі оң өзгерістер орын алғаны айтылды.
Филиал төрағасы Қ.Досалиев:
- Жолдауда әлеуметтік – экономикалық реформаға басымдық берілгендігін атап өтіп, оның ауылды аймақтар мен ауылшаруашылығына қатысты тұстарын, су мәселесіне және отандық агроөнеркәсіп кешеніне байланысты тапсырмалары төңірегінде тоқталып өтті. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары білім алушыларға сапалы білім беру, білім мекемелерінде негізгі қағидаға айналу керек,-деді.
Айтап кетері, жуырда Президент халыққа арнаған «Әділетті Қазақстанның эконьмикалық бағдары» атты Жолдауында:
- Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті. Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады. Бұл, ең алдымен, экономикалық тұрақтылығымыздың аса маңызды кепілі екені сөзсіз,-деп атап өткен болатын.