Мақсат – алдын алу шараларын жетілдіру

9.jpg 

Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Нашақорлыққа қарсы Штабтың отырысы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арнаулы және құқық қорғау органдарының басшылары мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысқан отырысқа Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асылов төрағалық етті.

Күн тәртібінде адам саудасының алдын алу, бұрын сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауын болдырмау, әуе және темір жол көліктерінде есірткі заттарының жолын кесу, нашақорлыққа қарсы спорттық іс-шараларды жандандыру мәселелері қарастырылды.

Төраға, атқарылған жұмыстардың барысымен танысып, қазіргі уақытта алдын алу шараларын жетілдіруде әзірленген ұсыныстарды талқыға салды.

Аумақтық полиция департаменті бастығының орынбасары А. Бейсенбаев адам саудасының жолын кесуде құқық қорғау органдарымен атқарылған жұмыстардың барысын баяндап, әліде болса қала тұрғындарын ақпараттандыру жұмысын жандандыру қажеттіліктерін атап өтті.

Аса мән беруді қажет ететін пробациялық бақылаудың қазіргі жай-күйі мен проблемалық мәселелерін аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Е. Жалғасбаев атап өтіп, оны күшейтуде қабылданып жатқан шаралар бойынша ақпараттар берді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша басқа да мекемелердің ұсыныс пен пікірлері тыңдалып, ортақ ұйғарымға келісті.

Отырыс қорытындысы бойынша Төраға жұмыстарды барынша күшейту, мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруда бірнеше тапсырмаларды берді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер