Ардагерлер турнирде бақ сынасты

26.jpg 

Шымкентте Қаратау ауданы әкімі аппараты және аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен “Тассай” тұрғын алабында орналасқан “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына” келуші аудан ардагерлері арасында шахмат пен дойбыдан аудандық турнир өткізілді. Аталған орталықта алғаш рет аудандық әкімдіктің бастауымен өткен сайысқа “Мәртөбе”, “Тассай”, “Мирас”, “Таскен”,”Сайрам”, “Бозарық” елді мекендерінен 30 ардагер қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Турнир барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен қарттар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін дәлелдеді. Ойында қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды. Жалпы қатысушы ардагерлердің бұл ойынға бірінші рет келуі емес. Осыған дейін де көптеген интеллектуалды ойындардың көрігін қыздырып жүрген жандар.

Орталықтың спорт бөлімінің жетекшісі сайысқа әділ төрелік етіп, нәтижесінде зейнеткер Қаратаев Бекзат дойбыдан жеңімпаз атанса, зейнеткер Исаметов Хавазмат шахматтан бас жүлдені иеленді. Ал, қос спорт түрінен жүлдедлі ІІ, ІІІ орындарды зейнеткерлер Д.Қаржаубаев, Ш.Төлендиев, Б.Турапов, А.Жұманов иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар, алғыс хаттар және арнайы кубок табысталды.

“Аудан әкімінің бастамасымен өткен бұл жоба зейнетте жүрген барлық аудан ардагерлеріне деген құрмет деп ойлаймын. Осы орталықта 150-ден астам құрметті зейнеттегі барлық азаматтар үнемі келіп, денсаулығымызды қадағалап және спортпен, түрлі интеллектуалды ойындармен шүғылданамыз. Сондай-ақ, замандастарымызбен елдің ахуалы жөнінде ой-пікірлерімізбен бөлісеміз. Жалпы орталықтың шалғай тұрғын алапта да ашылуы көңілімізді қуантты. Ал, бүгінгідей аудан әкімінің ардагерлерге арналған жобасы біздің жаңа қырларымыздың ашылуына үлкен мүмкіндік сыйлап отыр. Себебі мен бүгін екі спорт түрінен де жүлделі орынды иеленіп отырмын. Бұл әсіресе немерелерім үшін үлкен қуаныш болатын болды. Сөз соңында барлық ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін”-деді орталыққа келуші зейнеткер, аудан тұрғыны Ш.Төлендиев.

Аталған бастама алдағы уақытта да аудан әкімдігі тарапынан өз жалғасын табатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер