«Лайықты ұрпақ - болашақ кепілі»

27.jpg 

Жастар – қашанда қоғамның қозғаушы күші. Болашағын бағамдайтын мемлекет жастарының санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді. «Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Еліміз егемендік алған сәттен бастап жастар саясатын мемлекеттің басым бағыты ретінде белгілеген.
Шымкент қаласында Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Энергетика және байланыс колледжінде «Лайықты ұрпақ - болашақ кепілі» атты кездесу өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Аталған кездесудің басты мақсаты - жастарды ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі, сондықтан әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп отыру керек екенін жеткізу. Сондай-ақ, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелестік қабілетін арттыра алатынын түсіндіру.

Іс-шараға Тұран ауданы әкімшілігінің маманы Сахов Мадияр Молдаханұлы қатысып жастардың патриоттық сана жігерін оятып, рухты болуға шақырды.

«Жастарды рухани адамгершілік және патриоттық тұрғыда тәрбиелеу – бәрімізден бірлік пен ынтымақты талап ететін басты міндет. Сондықтан да жастардың жан-жақты, әрі олардың ізденісте, қозғалыста болуына ықпал етуіміз керек»,- деді Мадияр Молдаханұлы.

Сонымен қатар, дін істері басқармасының теолог маманы Беккудов Серік жастарға дін жайында айтып, жастарды толғандырған бірқатар сұрақтар жауап берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Таңмен таласа оянатын мамандар
  • В Шымкенте члены АНК поддержали 532 школьника в рамках акции «Дорога в школу»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер