Жастар Кемел Тоқаев шығармаларын оқыды

39.jpg 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты №7 бөлімшесінің бірлесе ұйымдастыруымен жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаевтың туғанына – 100 жыл толуына орай жастар арасында «Ұлттың ұлы тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Шымкент университетінің жастары Кемел Тоқаевтың өмірбаянымен танысып, шығармаларын оқыды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Кемел Тоқаев - жазушы, Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалі және Қазақ КСРО Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Ұлы Отан соғысының ардагері. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған. 

1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған. 

Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980). «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер