«Шымқала» туризмнің тынысын ашты

40.jpg 

Шымкенттегі «Ескі қалашықты» көруге келушілердің қатары артуда. Шымкент қаласы мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының берген мәліметінше, былтырдың өзінде «Шымқала» тарихи-мәдени кешенін көруге - 31 142 адам келген. Оның 30 323-ші Қазақстан Республикасының азаматы болса, қалған 819-ы шетелдік. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Бұл - «Цитадельдің» Шымкент тарихын айшықтайтын, тарихи және мәдении ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген еліміздегі бірден-бір маңызы бар археологиялық нысан екенін айғақтайды.

Кешен қызметкерлері өлкеміздің мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарын сақтау, музей заттары арқылы мәліметтерді жинақтап тарату, халқымыздың материалдық ескерткіштері мен рухани мәдениетін зерттеп, көрнектері мен көрмелері арқылы жеткізуде ғылыми зерттеу, жинақтап іріктеу, экспозициялық, әдістемелік, ғылыми-ағартушылық, экскурсиялық қызмет көрсету жұмыстарын атқарып келеді. Мысалы, «Археологиялық қазба деректемелеріне сәйкес «Шымкент қаласының тарихы», «Көне Шымшаһардың тарихындағы Ұлы Жібек жолының маңызы», «Ежелгі шығыс базары», «Тарихи тұлға тағлымы», «2200 жылдық тарихы бар Шымқала сыр шертеді», «Орағасырлық Шым қала керуені», «Музейдегі түн», «Ежелгі Шымқаладағы қолөнердің дамуы», «ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымқала», «Экскурсия саласындағы инновациялық жетістіктер» байқауы, «Жәдігерлер сыр шертеді», «Тарихты білу ұрпаққа парыз» квест-ойыны, «Ортағасырдағы көне Шымшаһар», «Зергерлік мол мұра», «Шымқала қазақ хандығы тұсында» және тағы да басқа іс-шаралар өткізілген.

Айта кетейік, мегаполистегі «Ескі қалашықта» өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазба жұмыстары жүргізілген. Ал екі мыңыншы жылдардың басында бұл жерге археологтардың қызығушылығы артып, қазба жұмыстарының ауқымы өсті. Қазба жұмыстары археологтардың Шымкенттің кем дегенде 2200 жылдық тарихы бар деп айтуына негіз берді. Осылайша «Шымқала» тарихи-мәдени кешені көне шаһардың туризм тынысын ашуға бірден-бір септігін тигізіп отыр.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер