Шымкентпен аттас каналдың «көзі ашылды»

image.jpg

Мегаполистердің қатарын толықтырған Шымкент қаласында биыл абаттандыру жұмысы жандана түсті. Әсіресе тұрғындар Еңбекші ауданында Бекет батыр көшесінде орналасқан гүлзардың ашылуына ерекше қуанды. Сондай-ақ талай жылдан бері арнасы батпақ пен қоқысқа толып жатқан  Шымкент каналының бойы да көріктендірілді. 12-шағынауданда орналасқан бұл каналды абаттандыру жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілді. Аудандық әкімдіктің инфрақұрылым және көріктендіру бөлімінің басшысы Бахтияр Тұрабековтың айтуынша, аудан аумағының тазалығын сақтап, көгалдандыру мақсатында жыл басынан бері 7 рет сенбілік ұйымдастырылыпты. «Сенбілік өткізу барысында шағынаудандарда - 3 500, ал индустриалды аймақ пен тұрғын алабтарда тағы 5 725 ағаш көшеті егілді. Аудан аумағында ирригациялық жүйелерді қажет ететін көшелер зерттеліп, нәтижесінде 18-шағынауданға - 652 метр, Күншығыс шағынауданына - 240 метр, Жанқожа батыр көшесіне - 180 метр, Безделев-Түркістан көшелерінің қиылысы, Мельникайте көшесіне (Қазбакалейторг аумағы) 200 метр ирригациялық жүйе қажет екені анықталды. Әкімдік қызметкерлері осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттар әзірлеп, бюджетке ұсынды. Жұмыстар қаржы бөлінген соң атқарылады, - дейді бөлім басшысы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзекті мәселелер сөз болды
  • В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с
  • «Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу
  • Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді
  • Республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер