Шымкенттіктер жеңімпаздарды қарсы алды

4.jpg 

Жазғы Азия ойындарында шымкенттік каратэшілер 2 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) мен Қайсар Алпысбай (60 келі) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. 84 келіде Данияр Юлдашев күміс жүлдені қоржынға салды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Осылайша Азия ойындарын 2 алтын, 1 күміс жүлдемен аяқтаған каратэшілерді Шымкент әуежайынан жерлестері күтіп алды.

Салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы жауапты бәсекелерде сәттілік тіледі.

– Кезекті Жазғы Азия ойындарын шымкенттік спортшылар жарқын жеңіспен аяқтады. Мінекей, жоғары жетістіктерге жеткен спортшыларымыздың соңғы тобын қарсы алып отырмыз. Каратэшілер биыл Азия чемпионатында 2 алтын, 1 қола медаль еншілеген еді. Жазғы Азия ойындарында да сенім үдесінен шығып, осы жетістікті қайталады. Алда Олимпиада ойындары бар. Ол сында да жоғары жетістіктерді күтеміз, – деді Қуаныш Жұмабекұлы.

Биылғы Азия чемпионатында еліміздің құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-ші орынға ие болған-тын. Жазғы Азия ойындарында да еліміздің каратэшілері 3 алтын жүлде иеленіп, командалық есепте үздік шықты.

Іс-шарада жеңімпаз спортшылар енді әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалатынын атап өтті.

Ай     та кетері, XIX Жазғы Азия ойындары 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Азия ойындарында барлығы 474 медаль жиынтығы сарапқа салынды, оның 381-і олимпиадалық спорт түрлерінен, 93-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер