Қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

 4b95b91d0ca9eaff583c481bf2ecb186_original.42256.jpg

Шымкенттегі Абай ауданы Жастар ресурстық орталығы және Тұран ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бірлесе ұйымдастырумен «Улы газдың алдын алу» тақырыбында Тұран ауданы аумағында жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Үгіт-насихат жұмысы барысында аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлер, саябақтар, жертөлелер мен тұрғындар көп шоғырланған көше бойларында жылыту маусымы кезіндегі газбен улану тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынамалық парақшалар таратылды.

 Улы газ(СО) немесе көміртегі тотығы-түссіз, иіссіз газ, ауадан женіл. Көміртегі тотығы - деп аталатын иіс отындағы органикалық қоспаларға байланысты . Улы газ ағаш жанған сайын пайда болады. Көмірқышқыл газының пайда болуының негізгі себебі –жану аймағында оттегінің болмауы. Пеште ағын болмаған кезде (мұржа бітелген,демпфеп мерзімінен бұрын жабылған,жану үшін ауа жоқ) ,оттегінің жеткіліксіздігі жағдайында көмірлер жануды жалғастырады. Улы газ жанбайды және қыздырылған бөлмеге таралады,адам ағзасына улы әсер етеді және улануды тудырады.      

   Бұл ретте пешті ұйқыға кетер алдында кемінде екі, үш сағат бұрын жағу қажет. Пеште жарықтар болмауы керек, ал мұржа жақсы тартылуы керек. Жылыту маусымында түтіндікті күйеден кемінде 2 айда бір рет тазартыңыз.  Сонымен қатар, өз үйіңізде өрттің алдын алу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

Айта кетейік, бұндай сақтық шараларын пысықтау жұмыстары қаламыздың барлық аудан аумақтарында тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер