Шымкентте 5G технологиясымен 72 базалық станция ортанылды. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Айдос Өмірәлінің қатысуымен басқарма тарапынан 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.
«Шымкентте «Kcell» АҚ тарапынан 5-G технологиясымен 72 базалық станция, ал 4-G технологиясымен 61 станция орнатылды. Сондай-ақ 60 станцияға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. «Kcell» АҚ 100 базалық станцияны 5G технологиясын 218 станцияны және 4G технологиясымен 200 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар «Кар-Тел» ЖШС-гі интернет сапасы төмен 26 базалық станцияға 4-G орнатады, 20 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.
2023 жылы интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен бірлесе жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Шалғайда орналасқан елді мекендер мен шағын аудандарды сапалы интернет желісімен қамту үшін басқарма тарапынан мобильді байланыс операторларымен бірлесе 2022 жылы интернет сапасы төмен 14 нүктеге антенна-мачталық құрылғы мен базалық станция орнату жұмыстарын жүргізді. Олар: Асар, Мартөбе, Бадам, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (автоцон), Ақжар, Достық, Ақтас, Ақжайық елді мекендері», - деді ол.
Биыл интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарлап, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен бірлесе жер телімдерін рәсімдеу мен инвесторлар тарапынан антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Олар: Құрсай, Сәуле, Қызылжар, Құрсай (Агроферма), Орманшы, Қайнарбұлақ (саяжай) Ынтымақ-1, Оңтүстік, Қарабастау, Асар-2, Қайнарбұлақ (саяжай), Қайнарбұлақ (саяжай), Нұршуақ, Бозарық (саяжай аумағы), Береке, Қайнарбұлақ (жаңақұрылыс) Қайнарбұлақ (жаңақұрылыс), Достық, Игілік, Тұран, Достық (жаңақұрылыс), Пахтакор, Жаңаталап, Нұртас, Ақтас, Наурыз, Достық (жаңақұрылыс), Асар-2, Пахтакор. Жыл соңына дейін аталған нүктелерде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.