Мүгедектер жарысы тимбилдинг форматында ұйымдастырылды

10.jpg 

Қоғамның өркениеттілігі мүгедектер мен қарттар көрсетілген қамқорлықпен өлшенеді. Осы мақсатта мүгедектерге арналған түрлі іс-шаралар өтуде. Солардың бірі жуырда Шымкентте өтті.

Тимбилдинг форматында өткен жарысқа тірек-қимыл аппараты бұзылған, зағип және есту мүшелері зақымданған 70-ке жуық мүгедектігі бар азамат қатысты. Ойыншылар шахмат, шашка және тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен жарысты. Әрқайсысының спортқа деген ынта-қызығушылығы орасан. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Қатысушылар арасында Шымкент қаласының нөмірі 19-шы мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің спортшылары да болды. Мақсат - ерекше жандардың белсенділігін арттырып, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету.

Спорттық сайыс "Сізбен біз біргеміз" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әскербек Оспановтың бастамасымен өткізіліп отыр. Ұйымдастырушыға Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты "Тең қоғам" әлеуметтік қолдау орталығы мен Шымкент қаласы спорт басқармасы қолдау білдірген.

Жеке және командалық біріншіліктердегі жеңімпаздар медаль, кубоктар және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Тимбилдинг барысында сондай-ақ концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жарысқа қатысушылар "Түркістан сарайының" "Берік пен Гүлнар" дуэты және әнші Тәттімбет Керейдің өнерлерін тамашалады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер