Шымкентте БАҚ өкілдерінің біліктігін арттыратын шара басталды

11.jpg 

Үшінші мегаполис Шымкент бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарының саны бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің бірі саналады. Осы орайда мегаполисте журналистиканың бүгінгі беталысы қалай? Кейінгі жас мамандардың біліктілігі қай деңгейде? Жас журналистерге дұрыс бағыт беру, біліктілігін көтеру бағытында не істеуге болады?   

 Шымкентте БАҚ өкілдеріне арналған «Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс» деген үш күндік іс-шара басталды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Оған баспасөз хатшылары, жас журналистер, медиа мамандар қатысып жатыр. Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының қолдауымен «Серпіліс» қоғамдық қоры өткізіліп жатқан іс-шараны белгілі журналист Бейсенкүл Нарымбекова ашып, жүргізіп отырды.

-Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – жас журналистерді қолдау, қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейту, сондай-ақ БАҚ мамандарының біліктілігін арттыру. Тренинг, семинарлар көп, бірақ бүгін біз дәріс форматында өткізіп отырмыз. Үш күн бойы журналистерге білікті медиа мамандары дәріс оқып, қызықты ойындар өткізіліп, тапсырмалар беріледі, - дейді «Серпіліс» қоғамдық қорының жетекшісі Бейсенкүл Нарымбетова.

Іс-шараның аясында медиа менеджер Данияр Алан «Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы» тақырыбында сабақ өтіп, өзекті сауалдарға жауап берді.

Сондай-ақ, өзге де белгілі журналистер шеберлік сабақтарын өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер