Шымкентте Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес Республика күні мерекесіне орай «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» аясында атты республикалық экологиялық сенбілік акциясы өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.
Жалпы шаһарда әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастырылып келеді. Айта кететін жәйт, қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан, қала басшылығының қала тазалығына ерекше көңіл бөлуі, қала тұрғындарының тазалық мәселесінде мәдениетін көтеруге септігі тиері сөзсіз.
Бүгінгі кезекті сенбілік қоқыс жинақталған орындар мен А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта өтіп жатыр. Оған қала әкімі аппаратының, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысуда.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаға қарасты «Ақпараттық-коммуникациялық орталығының» қызметкерлері де бүгінгі күнгі сенбілікке атсалысуда. Өздеріне бекітіліп берген Желтоқсан көшесі, яғни Темірлан тас жолынан Сайрам көшесіне дейін аралықта көше бойларын, арық ішін қоқыстардан тазартты.
Жалпы таза орта қалыптастыру тазалаудың емес, тазалық сақтаудың нәтижесінде жүзеге асады.
Ендеше сүйікті қаламыздың тазалығына баршамыз үлес қосайық!