Шымкент: Тазалық акциясы екі ай бойы өтеді

19.jpg 

Шымкентте мереке қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Шараға қала әкімі аппаратының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысты. Сенбілікке жиылғандар бес аудан территориясында өздеріне белгіленген аумақтарды қоқыстардан, күзгі жапырақтардан тазартты. Соның ішінде Қаратау ауданы әкімдігі аймағына қарасты А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақты тазартуға 1000 нан аса адам жұмылдырылды.

- Дендрологиялық саябақ - қаламыз үшін маңызды аумақ. Аймақты тазартуға қызметкерлерден бөлек 500-дей студенттер мен оқушылар қатысып отыр. Олар саябақ ішіндегі орындықтарды, бордюрларды сырлайды. Жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатқан сенбілік жақсы дағды болып қалыптасуы қажет, –деді Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов.

Саябақтағы сенбілікке жиылғандар ағаштарды күзеп, қураған бұталарды қырқып, күзгі жапырақтарды жинады. Ерікті студенттер мен оқушылар шараға апта сайын қатысып келе жатқандығын айтады.

- Сенбілікке мұғалімдерімізбен бірге келдік. Бізге бояу мен щеткаларды бөліп берді, қазір бодюрларды сырлап жатырмыз.Сенбілік шарасы жақсы бастама. Қаланың көркіне, тазалығына атсалысу өзіме ұнайды.Сондықтан апта сайын қалмай келіп, қатысуға тырысамын, - деді ОҚМА- ның студенті Ақжүніс Хайтмамбетова

Айта кетейік, тазалық акциясы қазан-қараша айларында жалғасады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер