Ескі ресторан сүрілмейді, гүлдейді

60260.jpg

Шымкенттегі Қошқар ата өзенінің Ордабасы алаңындағы жағалауда 69 жылдық тарихы бар ресторан бар. Қалада алғаш ашылған «Арал» мейрамханасын қайта жаңғыртуды қала басшылығы Қошқар ата өзені маңын аббатттанлыру барысында тапсырған болатын. Шымқаланың жарты ғасырдан астам ғұмырына куә болған нысанды басшылар бұзбай керісінше ескі қаланың символы ретінде одан ә  реставрация жасауға кірісіп кетті.   Қошқар ата өзенінің бойындағы бұл нысанның қабырғасы 1949-шы жылы қаланып, халыққа қызмет ете бастаған. Сұрапыл соғыстан есін енді жиған елдің көңілін серпілтіп, сейіл құратын орны болған. Талайдың жастығының куәсі болған мекенді аға буын өкілдері әлі күнге сағынышпен еске алады. Бұл мейрамхана 70 жылға жуық ғұмырында бірнеше рет жөндеуден өткен.  Десек те нысан сыртындағы ою-өрнектер сол қалпында сақталған. Сонымен қатар, ғимарат ішіндегі таспен өрнектелген алғашқы суреттер әлі де бастапқы қалпында тұр. Қазақылықтың исін  аңқытып салған бұл суреттер сол кездегі дизайнерлердің ерлігі деуге болады. Әйтпесе, бұл ресторан... қит етсе, «шовинизм» деп сотқа тартатын солақай саясаттың кезінде бой тіктеген.  Ресторанды қалпына келтіріп жатқан кәсіпкер бұл өрнектерді сол қалпы қалдырамын, – деп отыр. 

«Арал» рестораны тоқырау жылдары - 90-шы жылдарға дейін елге қызмет етті. Егемендік алған жылдары жекенің қолына өтіп, ақырында қараусыз қалған болатын.  Енді 70 жыл өтіп, еліміздегі игі бастамалардың арқасында мейрамханаға қайта жан бітіп отыр.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер