Емханалар кәсіпкерлер тарапынан жөндеу көрмек

0260.jpg

Шымкентте Елбасының тапсырмасына орай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында медицина саласында құрылыс жұмыстары қарқын алды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы атқарылған тірліктер халықтың әлеуметтік тұрмысының түзелуіне айтарлықтай септігін тигізуде.  Тиімді тәсіл арқасында медицина саласында жаңадан нысандар салынды. Кәсіпкерлердің табыс табуына да үлкен мүмкіндік туып отыр. Бұл - бизнес иелеріне жасалып отырған қамқорлық. Шымкенттік кәсіпкерлер осы қағидамен қаладағы № 4 және №9 емхананы жаңартуды қолға алды. «Екі этап бойынша қаладағы төртінші және тоғызыншы емхананы салу ісі жоспарлануда. Қазіргі таңда бірінші кезеңіндегісі бітіп, қазір оның жобасы жасалынып жатыр. Айта кететін жәйт, әріптестік аясында олар жеке қаражаттарына салады. Пайдалануға тапсырылғаннан кейін 20 жыл уақыт өздері басқарады. Мемлекеттік тапсырыс алады. Бекітілген ереже бойынша халыққа қызмет көрсетеді»,- дейді инфрақұрылымдарды дамыту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бөлімінің басшысы Бекболат Орынбеков.

      Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында облыс аумағында салынып жатқан медицина ғимараттарының құрылысы қарқынды. Шымкент қаласының өзінен  500 адамға арналған үш бірдей емхананың құрылысы жүруде. Айта кетейік, құрылыстағы бұл  тиімді тәсіл арқылы  облыс аумағында 23 фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылысын салуға байқау жаряланған болатын. Қазір соның жеңімпаздары анықталуда. Бұдан бөлек, Сайрам ауданында 500 адамға арналған медициналық мекеме мен   Шымкенттегі көпсалалы қалалық және №12 емхананың құрылысы осы тәсілмен жүргізілмек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер