Егін бітік шықты

260.jpg

Жанға саялы Шымкентте ауыл шаруашылығы айтарлықтай дамып келеді. Әсіресе қала шекарасының 117 мың гектарға ұлғаюы ауылшаруашылығы саласына серпін бергендей. Биыл шымшаһарда егістік алқап 28 мың 700 гектарға жетіп, өнім бітік шықты. Қала аумағында суармалы жер көлемі он мың гектарға жетіп отыр. Соған сай өндірілген көкөніс көлемі едәуір артты. Биыл шаһар шаруалары үш мың 500  гектар жерге бақша, көкөніс дақылдарын екті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. «Біз қазіргі таңда шаруа қожалықтарымен ағын суды бекітілген тариф бойынша қамтамасыз етеміз. Бізідің су шаруашылығы мекемесінің меншігінде 25 каналымыз бар. Оның жалпы ұзындығы - 198 шақырым. Қазіргі уақытта барлығымен келісім-шарт негізінде ағынсумен қамтамасыз етіп жатырмыз»,- дейді «ШымкентСуШар» МКК басшысы Сәкен Сатқанбаев.  Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бітік шығуы ағынсуға көп  байланысты. Қала аумағындағы шаруа қожалықтары мен үй іргелік жерлерді ағынсумен қамтамасыз етуде «ШымкентСуШар» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қосқан үлесі мол. Кәсіпорын  476 шаруа қожалығымен келісім-шарт жасады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер