Түзету балабақшасы ашылды

5b51d050f1ef9.jpg

Жақында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Төраға қаладағы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде салынған «Әйгерім» түзету балабақшасына  ат басын тіреді. 50 балаға лайықталған нысанда түрлі диагнозбен ауыратын балалар ем қабылдайды. Қазірдің өзінде қосымша 55 өтініш түскен. Ем қабылдағандары оңалып, кәсіпкерге тек алғысын арнауда.  

Айта кетейік, Мәулен Әшімбаев бұл күні өңірдегі бірегей «Отырар» кітапханасының жанынан ашылған үй жағдайына бейімделген коворкинг орталығы ашылу салтанатына да қатысқан болатын.

Шымкент – енді ірі мегаполистер санатында. Жаңа мәртебе үлкен жауапкершілік жүктейді. Сол себепті, бүгін партияның Шымкенттегі филиалына жаңа төраға сайланды. Жауапты қызмет, мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі атқару бойынша бірқатар міндет қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа жүктелді. Жиын соңында қалалық филиалдың саяси кеңес мүшелігіне 27 азамат қабылданды. Тексеру-бақылау комиссиясына бес азамат сайланды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзекті мәселелер сөз болды
  • В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с
  • «Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу
  • Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді
  • Республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер